$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нақты диагноз қойылмағандықтан науқастың жағдайы нашарлап барады

AstanaTV
24.06.2021ж. 20:00
4546
Нақты диагноз қойылмағандықтан науқастың жағдайы нашарлап барады

Елордалық Қанат Қабылов ақ халаттылардан жәрдем көре алмай қиналдым дейді. Оның айтуынша, дәрігерлер 7 ай бойы оның дертін таба алмай, бірі-біріне сілтеп шаршатқан. 47 жастағы ер азамат қазір бар жоғы 26 келі салмақпен төсек тартып жатыр. Біздің редакциямызға хабарласып, көмек сұраған науқаспен тілшіміз Ақбота Базарбай тілдесті.

Елорда тұрғыны Қанат денсаулығының күрт нашарлағанын байқаған соң дереу ауруханаға барған. Оған дейін жарты жыл сайын тұрақты тексеруден өтіп тұрдым дейді. Магнитті-резонанстық томография қорытындысы омыртқа сүйектерінде қатерлі ісіктің зақымданған клеткаларын көрсетіпті. Жолдамамен қалалық онкологиялық ауруханаға келеді. Алайда дәрігерлерден күткен көмекті ала алмай, уақыт оздырып алдым деп налиды 3 баланың әкесі.

Қанат ҚАБЫЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы январьдан бастап ешқандай ем алған жоқпын. Только обезболевающий укол болды. Анализ енді бүкіл жерден алды. Шитовиттен алды, груднойдан алды, позвоночниктен алды. Бүкіл жер кесік қазір, тесік-тесік. Бірақ білмеймін, ешқандай результат, ештеңе шығара алмайды. "Сен міне мынандайсың", деп точно айтпайды.

Қанатқа 6 жыл бұрын өңештің ісігі диагнозы қойылып, операция жасалған. Онан кейін жағдайы түзелген соң, алаңсыз жүріпті. Бірақ, дерт қайта мазалағандықтан ол өзіне ота жасаған дәрігерге барған. Ал ондағылар туберкулезге қарсы диспансерге жіберді дейді ол. Бірақ ағзада кох таяқшаларына тән ешнәрсе табылмаған, сондықтан сізде ісік деп қайтадан онкологиялық орталыққа жіберді дейді науқастың жұбайы.

Айнагүл СМАҒҰЛОВА, НАУҚАСТЫҢ ЖҰБАЙЫ:

Майдың 27-сі больницаға жатады, 28-і КТ контрастный алады и оған айтады "сенде онкология 4 степени". Біз көмектесе алмаймыз, химияны көтере алмайды, домашний уход дейді. Сонда ол калай? Сонда мен не істеуім керек?

Юрий ЖУКОВ, ОНКОЛОГ ДӘРІГЕР:

Ол кісі бізге алғаш келген кезінде ісік болды. Омыртқа сүйектері зақымданған. Бірақ біз бұл диагнозды растауға немесе жоққа шығаруға тырыстық. Біз оның сараптамасына қажетті барлық нәрсені жасадық деп ойлаймын. науқастың жағдайы нашарлауда, омыртқа сүйектерінде өзгерістер бар, жақсарып жатқан ешнәрсе жоқ, сондықтан біз оған клиникалық түрде осындай диагноз қойдық. Қатерлі ісік деп. Сараптамалардың нәтижесіне қарамастан.

Осыдан 6 ай ғана бұрын отбасын асырап, алаңсыз жұмыс істеп жүрген азамат қазір дәрменсізбін, жағдай дәл осылай болады деп ойлаған жоқпын дейді. Оның айтуынша, бұған дер кезінде көмек көрсетпеген, емдеуден бас тартқан дәрігерлер кінәлі.

Жамбыл МАМБЕТОВ, ЗАҢГЕР:

Қанат мырзаның жағдайында егер 2015 жылы жасалған операция салдарынан денсаулығы нашарлаған болса, құқық қорғау органдарына шағым жасау арқылы алдын-ала тергеу барысында сот медициналық сараптама тағайындауы тиіс.Ота жасаған дәрігерлердің кінәсі анықталса, азаматтық тарап арыз жасау материалдық және моральдық залалды өндіруге болады.

Мемлекеттік емдеу орындарынан қолдау таппаған Қанат амалсыздан ақылы дәрігерлік қызметке жүгіндім дейді. Бірақ диагнозды нақты көрсететін аппаратқа түсу үшін қыркүйекке дейін кезек күтуі керек екен. Уақыт тығыз, сондықтан өмірмен күрескен азамат құзырлы орындардан көмек сұрауға мәжбүр екенін айтады.

А. Базарбай