Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өңірлерде салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді

AstanaTV
30.06.2021ж. 20:00
1495
Өңірлерде салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді

Өңірлерде салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді. Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте талқыланды. Мәжілісмен Юлия Кучинскаяның айтуынша, қоғамдық қабылдауға келген азаматтар баспаналарының нашар салынғанына қатысты үнемі шағымданады. Осындай проблемалардың бар екенін Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев та растады.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары 539 тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 973 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84%-ға жоғары. Яғни, 90% жағдайда тиісті талаптардың бұзылғандығы расталды деген сөз.


Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарынан бір аймақта үй құлағанын, басқа өңірде үйлердің қисайып тұрғаны туралы материалдарды көре аламыз. Онда тұратын адамдар айтарлықтай қиын жағдайға тап болды. Сондай-ақ мемлекет қалпына келтіру кезеңінде жалға берілетін тұрғын үйге қоныстандыру үшін қосымша шығынға ұшырайды.


Талдауға сәйкес, тұрғын үй   мен инфрақұрылымның дамуына Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстары тұрғындарының мүлдем көңілдері толмайды.  Ал партияның 2025 жылға дейінгі жол картасы аясында биыл жоспар бойынша  17 тұрғын үй салынбақ. Құрылыс сапасы нұротандықтардың ерекше назарында болады.  

А. Данияр