$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада карантин талабын бұзған сауда орталықтары 2 ай "Ashyq"-тан шеттетіледі

AstanaTV
23.07.2021ж. 20:00
1757
Елордада карантин талабын бұзған сауда орталықтары 2 ай "Ashyq"-тан  шеттетіледі

Елордада талапты бұзған сауда орталықтары 2 ай бойы ashyg-пен жұмыс істей алмайды.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, елорда әкімдігі басшылығымен біргелікте өткізілген онлайн конференцияда айтылды. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтары локдаунға жабылмау үшін "ашыққа" қосылуы қажет. Алайда, жобаға немқұрайлы қараған нысандар келушілерді тіркеп отырмаса жобаны екі апта пайдалана алмайды, заң бұзушылық қайталанса 2 айға шеттетіледі.  Ал "Ashyq" жобасынан шығарылған нысандардың жұмыс уақыты айтарлықтай қысқарады. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық департамент директорының орынбасары Айгүл Шағалтаеваның айтуынша, вирустың кең таралу аймағы -адамдар көп жиналатын орындар, соның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары.

Айгүл ШАҒАЛТАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ashyq қосымшасы арқылы үй карантинін бұзған күніне 200-ге дейін адам анықталады. Өзінің науқас екенін біле тұра олар көпшілік жиналатын орындарға баруды доғармайды. Демек, ауруды жұқтыру ықтималдығы өте жоғары. Қазіргі кезде карантин шараларын қатаңдату мәселесі қаралуда.  Біз шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыс кестесі мен режиміне қосымша өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз.  


Б. Сатуов