$498.34 €519.72 ₽4.85
×

700-ден астам ауылда, жаңа әкім сайланбақ

AstanaTV
25.07.2021ж. 20:00
1492
700-ден астам ауылда, жаңа әкім сайланбақ

Ауыл әкімдерін сайлау туралы бастаманы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында көтерген болатын. Мемлекет басшысы әкімдерді халықтың таңдауы, саяси реформаларға жаңа серпін беріп, азаматтарды елді басқару мен шешім қабылдау үдерістеріне тарту үшін мүмкіндіктер ашатынына сенімді. Науқанға 2 мыңнан астам кандидат қатысуда. Олардың мыңға жуығы саяси партиялардан ұсынылған. Ал жартысынан көбі өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің 500-ге жуығы әйел адам. Дауыс беру елдің барлық аймағында ашылған - 1847 сайлау учаскесінде өтті. Сайлаудың тағы бір ерекшелігі: сайлаушылар барлық үміткерге қарсы дауыс беруге де құқылы. Саяси доданың қорытындысы сайлаудан кейін үш күн ішінде жарияланбақ.  Мұнан соң жаңа әкімді аумақтық сайлау комиссиясы бір апта ішінде тіркеуі тиіс. Тіркелгеннен кейін, оның өкілеттігі басталады. Аумақтық сайлау комиссияларының алдын ала жасаған мәліметтеріне сүйенсек, дауыс беруге 1 млн  200 мыңнан аса сайлаушы қатысады, бұл - 14 облыстағы сайлаушыларының 13 пайызын құрайды.

Ғ.Өтемісов