Қыспаққа алған қымбатшылық тоқтар емес. Елде бір жылдың ішінде күнбағыс майының бағасы 60 пайызға өскен. Energyprom.kz сайтының мәліметінше, маусым айында өңірлердегі дүкендер мен базарларда сұйық майдың орташа бағасы-713 теңге болған. Ең қымбат баға- Түркістан облысында. Мұнда майдың литрі 773 теңгеге дейін көтерілген. Дәл осындай шарықтаған баға Нұр-Сұлтан мен Алматыда да байқалады. Ал, ең арзаны Ақтөбе облысында, күнбағыс майының бір литрі - 621 теңгеден сатылған.
А. Данияр