Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодар облысында шенділер бюджеттің 40 млн. теңге қаражатын заңсыз жұмсаған

AstanaTV
11.08.2021ж. 20:00
1762
Павлодар облысында шенділер бюджеттің 40 млн. теңге қаражатын заңсыз жұмсаған

Павлодар облысында шенділер бюджеттің 40 млн. теңге қаражатын заңсыз жұмсаған. Бұны өңірдің ішкі мемлекеттік аудит департаменті анықтады. Нақтырақ айтсақ, Ақсу қаласының шенділері мүгедек балалар мен қиын жағдайға тап болған адамдарға бөлінген қаражатты, жалған құжаттар жасау арқылы, жекеменшік серіктеске төлеп келген. Осының салдарынан көмекке мұқтаждарға тиісті қолдау көрсетілмеген. Тексерістен соң әкімдіктің жеке серіктесі заңсыз алған қаражаттың 75 пайызын қайтарып беріпті.

Серікбай ТАСТЕМБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда жеке серіктестік заңсыз алған бюджет қаражатының 30 миллионнан астамын мемлекетке қайтарды. Шенеуніктерге шара қолдану үшін тексеру қорытындысының құжаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментіне жолданды.
 

Мамандар бұл заңсыздықтың қай уақытта басталғанын айта алмады. Ақсу қаласының әкімдігіне де хабарластық. Ондағылар бөлім басшысына байланысты тексеру жүріп жатқанын айтты.  

Балтабай ҚАППАСОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір тергеу ісі басталды. Нәтижесін күтеміз. Тергеу ісі аяқталғаннан кейін сонда анықталады. Кімнің, қанша, немене қалай болғанын.

Ө. Қуанар