$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысы шаруалары егінге су таппай әлек

AstanaTV
11.08.2021ж. 20:00
1542
Түркістан облысы шаруалары егінге су таппай әлек

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты үш бірдей елді -мекеннің халқы ағын судың азабын тартып келеді. Бірлік, Жаңа тіршілік және Қосөткел ауылдарының күніне жараған Саңырау каналында бүгінде тамшы су қалмаған. Ауыл азаматтары егістіктері қурап қалатынын айтып дабыл қақты. Жұрт үш жылдан бері көкөніс егуді де ұмыттық десті.  Малға азық болсын деп еккен жүгері мен жоңышқасын да суара алмаймыз деп жыларман.   

Хәкім ҚАМБАРОВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Еккен жүгері қурап кетті. Бойы бір метрге де жетпейді жүгерінің, қурап кетті. Жоңышқа деген сусыз. Оны орап алғанмен мал жемейді оны. Қырдың жағдайы мынау, қырда шөп жоқ. Ал енді қысымен соны орып малға береміз ғой десек жағдай мынау, қарасаңызшы қайтіп орып аламыз?

Бердіқұл МҰРТАЗАЕВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Елге, жұртқа мынау жаны ашитын адам жоқ. Судың басшылары басындағы водхоздағы басшыларының ешқайсысы жаны ашитын емес. Ошақты ауыл әкімдігі тегіс су ішеді. Біз қанша айтып басшыларға ешқандай түсіндіре алмадық.

Айтуларынша, мал азығының қаттығынан кейбірі төрт түлігін сата бастаған. Тіпті күнкөрістің қамымен қайсыбірі қалаға көшіп те кетті дейді. Шуласқан халық жергілікті әкім-қаралардан ауылға су беруін талап етті. Десе де, Келес 90 пайыз Өзбекстанға тәуелді екенін алға тартқан аудандық өкіл бар судан халық өзі қағылып отыр деп кінә артты.  

Абай ЖАҢБЫРБАЕВ, КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізге тиісті суды біз басынан аламыз. Біз үш –Шошым, Ошақты, Оймауыт бір Келес өзенінен келеді, сосын З жақтан келеді, бір. Бізде тек тәртіп жоқ. Су бар. Тәртіп, жоқ. Істейтін азамат жоқ.  –тәртіп бізде жоқ па, кімде жоқ? -Тоқтаңыз..! –Водхозыңда жоқ тәртіп.


Шуласқан халық каналдың басындағы бар суды, жеткілікті бөлуді өздері бақылайтын болып келісті.

А. Төребекқызы