Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болып, бір адам қаза тапты.
Ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі кенші жарылыс толқынының астында қалған. Бір жұмысшы оқиға орында көз жұмса, екінші кенші жарақат алды. Ол Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. "Жағдайы тұрақты ауыр",- дейді дәрігерлер. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр. Аймақтық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Қуаныш Қамиевтың айтуынша, алдын-ала болжам бойынша жұмысшылар қауіпсіздік техникасын бұзған. Қаза тапқан әйелдің жасы – 33-те, оның артында 15 және 13 жастағы ұлы мен қызы қалды.
Самат СЕРҒАЗИН, "ДӨҢ" ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Отбасына 6 миллион теңге жәрдем береміз. Сонымен қатар, компания жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектеседі. Балаларына бірінші қыркүйекке жәрдем береміз. Ұжымдық келісім-шарт бойынша да көмек беріледі жыл сайын. Ал, ауруханада жатқан жігітке жәрдем беріп жатыр. Ақтөбенің дәрігерлерімен байланыстамыз. Жағдайы жақсы болса, Ақтөбеге облыстық ауруханаға аударып, сол жақтан ем алады.
Г. Сейтенова