$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандыда тұрғындар бетон өндіретін кешен құрылысына қарсы шықты

AstanaTV
20.08.2021ж. 20:00
2492
Қарағандыда тұрғындар бетон өндіретін кешен құрылысына қарсы шықты

Қарағандыда тұрғындар бетон өндіретін кешен құрылысына қарсы шықты. Олардың айтуынша, зауыт    үйлердің дәл жанына салынбақшы.   Халық құзырлы органдардан оны шұғыл тоқтатуды талап етті.

"Бұл аймақтың ауасы таза ,    жақын маңдағы көлшікке барып демалатын едік" дейді тұрғындар.  Сондықтан мұнда көшіп келушілер де көп.   Ал өндіріс орны  салынса, ауаны ластанып, қоршаған ортаға экологиялық зардабы тиеді деп алаңдайды.
 
Фатима БАЙТЫҚОВА,  "КӨГІЛДІР ТОҒАНДАР" ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жердің ауасы жақсы ғой. Шалым ауырады, төсек тартып жатыр.Парализованный осы жерге сол үшін көшіп келдік. Поликлиника, мектеп жақын. Мынаны не үшін салып жатыр.  

Гүлнұр БАЛТАБАЕВА, "КӨГІЛДІР ТОҒАНДАР" ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балалардың , адамдардың өкпесінен түк қалмайды. И так мынадай қиын заманда қалай  денсаулығымызды сақтаймыз деп жүргенде мұрнымыздың астына кеп бетон зауыт салғанға біз қарсымыз.

Құрылысқа енді кіріскен мердігер компания өкілі бұл жерде үлкен зауыт емес, шағын бетон араластыру кешені салынатынын алға тартты. Оны  осы маңдағы  көпқабатты үйлердің құрылысы біткенше, 3 жылға уақытша ғана орнатамыз,- дейді. Айтуынша бұл маңайға тұрғын үйлер, аурухана мектеп, балабақша салынады.  

Дәурен БҰЛҒАҚОВ, ЖШС ӨКІЛІ:

Кешенді басқа жерге орналастыру бізге көп шығын әкеледі. Әрі қолайсыз. Қаншама бетонды тасу қиын. Осы жерде орнатып құрылыс біткен соң көшіріп әкетеміз.Ол жабық кешен. Санитарлық нормаларды сақтаймыз.
   
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңгері тұрғын үйлер салынатынын растады. Бірақ жобада бетон араластыру кешенінің құрылысы көрсетілмеген дейді.

Әбілқайыр ЖҰМАҒҰЛ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ СӘЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЗАҢГЕРІ:

Жобада бетон зауыты да, кешен де қарастырылмаған. Тек үй құрылысының жобасы ғана бар. Сондықтан бұл жерде бетон араластыру кешенін салуға рұқсат бар ма, жоқ па оны сәулет басқармасы қарап тиісті шара қолданады.


Тұрғындар экология, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау департаменттеріне де хат жолдады. Олар қаланы дамытуға қарсы емес, тек өндіріс орны қала сыртында болса дейді.

А. Қуаш