$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Аялдамадан мемлекеттік қызметкердің мәйіті табылды

AstanaTV
08.09.2021ж. 20:00
1955
Аялдамадан мемлекеттік қызметкердің мәйіті табылды

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкер атылып қалған. Мәйітті аялдамадан жергілікті тұрғындардың бірі тауып алған. Шенеуніктің өзіне өзі қол салуына не себеп болғаны әзір белгісіз. Полиция анықтап жатырмыз деді.

Елжан КҮМІСБЕК , ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:

 
ҚР ҚК 105 бабы өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық сот сараптамалары тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін қылмыстың істің басқа мән жайлары жария етуге жатпайды.

Қылмыс - Талас ауданы Қаратау қаласында тіркелді. Мамандардың дерегінше, 1983 жылы туылған азаматтың ажалы қос ауызды атыс қаруынан болған. Оқиға орнынан 12-ші калибрлі мылтық табылыпты. Қару марқұмның өзіне тиесілі көрінеді. Айта кетейік, қаза болған азамат -  аудандық әкімдікте тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бірнеше жылдан бері сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жол бойында қалдырған көлігінен жол жөндеуге қатысты қылмыстық іс қағаздарының көшірмесі, әрі соған куәгер ретінде шақыртылған хабарлама тәркіленген. Талас ауданы әкімдігі болған жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Б. Жұмабай