Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкентте аттракционда қайтыс болған адамның жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін

AstanaTV
23.09.2021ж. 20:00
4707
Шымкентте аттракционда қайтыс болған адамның жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін

Шымкентте  «Қиял әлемі» саябағында  қыдырып жүрген ер адам  көз жұмды.   Қайғылы жағдай ол аттракционға мінген кезде болған. Куәгерлердің айтуынша,  технопарк қызметкерлері   алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Ал саябақ әкімшісі не дейді?  Өңірдегі тілшіміз Айзада Төребекқызы мән-жайды анықтап көрді.

Куәгерлердің айтуынша, көз жұмған 55 жастағы азамат  Шымқалаға қыдырып келген. Саябақтағы бейнебақылау камерасындағы   жазбада оның «Хаммер» деп аталатын аттракционға қарай  бара жатқаны көрінеді.  Бұған дейін   айналмалы шеңберге мінген.   Саябақ әкімшісінің айтуынша, "хаммер" алғашында ақырын қозғалады да, әрі қарай  шыр көбелек айналады.  

Ерболат ТӨЛЕЕВ,  САЯБАҚ ӘКІМШІСІ:

Аттракцион қосылу уақыты 4 минут. Тоқтағаннан кейін барып ремендерді шешіп, адамды түсіріп жатса ана кісі уже ол уақытта  кетіп қалған ғой, ол  кісінің астма ауруы бар екен. Енді ол жақта может ауа жетпей қалды ма может, жүрегі сәл слабый болды ма, награузка болған шығар...Сондай болған шығар деп тұрмыз енді біз.


Дәурен ӘБИЕВ,  КУӘГЕР:


Қарама қарсы отырған бала айтады: «уже бір айналған кезде ол кісі кетіп қалды дейді, денесін бағындыра алмай қалды дейді уже. Жұмыс істейтін бала айтқан екен жүрегі аурулар шығып кетсін десе «мен летчикпін» депті ана кісі.
 

Дәл сол аттракционға мінуге кезек күтіп тұрғандардың бірі тоқтаған әткеншекте бір адамның есінен танып қалғанын, оған сонда істейтіндердің жақындағанмен әрекет етпеді дейді.  Айтуынша, дер кезінде көмек шақырмай, уақыт жоғалқан.

КУӘГЕР:

Бес минуттай тұрдық сол жерде. Әй скорый шақырайық па , қасымдағы адамдар да скорый шақырайық...деді. Жоқ, қоя тұрыңыздар, қазір мұрнына бірнәрсе тамызамыз, спирт тамызам. Есін жиып алады бұл кісі деді. Содан кейін ол спиртті де тапқан жоқ ол кісі...


Карусельге мінер кезде оның аузына дәрі сепкенін  бейнебақылау камерасынан да көруге болады дейді саябақ өкілі. Сондай-ақ, Ерболат Төлеевтің айтуынша,  келушілерге  қауіпсіздік ережелері таныстырылған,  жүрегі ауыратындар, ішімдік ішкендер мен жүкті келіншектерге отыруға болмайтыны ескертілген.  Ал    "жедел-жәрдем кеш шақырылды, алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді" деген пікірге қатысты былай дейді:

Ерболат ТӨЛЕЕВ, САЯБАҚ ӘКІМШІСІ:

Кәдімгі қатып қалған ғой бұл адам. Оператор байқаған. Оператор одан кейін біздің старшийды шақырған. Старший жүгіріп келген. Ал бірінші көмекті көрсетейін десе ол жағдайда уже кетіп қалғанда ол уже. Мына жерде халық болғаннан кейін біз ол жерде мына адам осындай осындай жағдай болып қалыпты  деп айтуға сәл неғылдық, сонымен сәл уақытты созуға тура келді да, содан кейін біз паркті жауып алдық.

Болған жәйттің жай жапсарын полиция анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша ер адамның жүрегі тоқтап қалған.

Мөлдір БЕКЕЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ПД  ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасымен «Қиял әлемі» саябағында 1966 жылғы азамат  атракционға отырып, бастапқы медициналық анықтамаға сәйкес, жүрегі тоқтап, қайтыс болғандығы бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
 

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды.   Ал  саябақ қалыпты жұмысқа көшті, тек қайғылы жағдай болған аттракцион тоқтап тұр.  

А. Төребекқызы