Елордада «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында жоспарланған - отбасылық денсаулық орталықтары мен дәрігерлік амбулаториялар ашылмай қалуы мүмкін. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы филиалының Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінде айтылды. Қала бойынша 10 жобаның тек 7-еуі ашылған. Ал, медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалар мен 100 орындық шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үй құрылысы әлі басталмады, дейді партия мүшелері. Сондай-ақ заманауи жұқпалы аурулар ауруханасы мен ересектерге арналған оңалту орталығы және перзентхананың құрылысы да басталмаған. Жоспар бойынша аталмыш нысандар 2023-2024 жылдары ашылу тиіс.
Динара ОРАЗАЛИНА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТӨРАЙЫМЫ:
Өңірлік кеңестен жоспарланған құрылыс учаскесіне Парламент Мәжілісінің депутаты Павловец Лариса Павловнаның қатысуымен көшпелі мониторингті жүргізілді. Онда бөлінген учаскелерде ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмегенін, сондай-ақ құрылыс басқармасында құжаттар болмаған. Өңірлік кеңестің мониторингі нәтижесінде 12.1, 12.3, 12.4-тармақтарды орындамау тәуекелі анықталды.
Сонымен қатар, елордада осы жылдың соңына дейін 15 мектеп салу жоспарланған. Қазір оның 8-і ашылып, жұмыс істеп тұр. Ал, ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жастарды қолдау мақсатында, аула клубтарын материалдық -техникалық базамен қамтамасыз ету жоспарланған. Айта кетейік бұл санатта 1800 -ден астам бала бар.
А. Данияр