Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада жол-көлік оқиғалары мен тәртіп бұзушылықтар 42 пайызға азайған

Елордада жол-көлік оқиғалары мен тәртіп бұзушылықтар 42 пайызға азайған

Елордада жол-көлік оқиғалары мен тәртіп бұзушылықтар 42 пайызға азайған. Бұл туралы қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша,  заң бұзушылықтардың алдын-алуда бейнебақылау камералары үлкен көмегін тигізуде.Толығырақ алдағы сюжетте

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Қаланың қай жерінде, қандай тәртіп бұзасыз, қандай оғаш тірлік істейсіз, жасыра алмайсыз. Оның барлығы  құзырлылардың назарында.  Өйткені соңғы 5 жылдың өзінде шаһарда  27 мың бақылау камерасы орнатылған. Оның 6 мыңы жолдағы заң бұзушылықтарды анықтайды. Осының негізінде көлік апаттары да азайды дейді мамандар.

Аманжол ЕСТЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жол -көлік оқиғаларының саны 42%-ға төмендеді.  Сонымен қатар, адамдарды жүргізу мәдениеті артты.  Қылмыс саны да 30% -ға төмендеді.  Тұрғындар тәртіпті күшейтті.  Өйткені олар бейнебақылау камераларының барлық жерде орнатылғанын біледі.

Жол бойындағы камералар Сергек жүйесі аясында жетілдірілген. Ол барлық заң бұзушылықтарды полиция қызметкерлеріне яғни жедел басқару орталығына жеткізіп отырады. Соның негізінде тәртіп бұзушылық анықталып қана қоймай, қылмыстардың да алдын-алуға мүмкіндік бар.

Аманжол ЕСТЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Сергек - автоматтандырылған жүйе. Ол жылдамдықты бұзу, автобустардың  қызыл сызықты басып өту сынды тәртіп бұзушылықтарын  анықтап қана қоймай, оны талдап отыруға да қауқарлы.

Жүйе айыппұл салуға ғана арналмаған. Ең бастысы   қылмыстардың жолын кесуге  мүмкіндік беріп отыр.  

Евгений КИМ, ЖҮЙЕ МАМАНЫ:


Жол полициясы қызметкерлерінің барлығында планшет бар. Бұл планшеттерге біздің "Сергек" мобильді қосымшасы орнатылған. Сондай-ақ, ол патрульдік машинаның орналасқан жерінің радиусында көрінеді және полицейлерге ықтимал бұзушы немесе бағдардағы көлік құралы жақын жерде өтіп бара жатқандығы туралы хабарлайды.

Жауаптылар  камералардың арқасында көптеген қылмыс ашылып жатқанын айтады. Бұл адамдар қауіпсіздігі үшін маңызды дейді.

Б. Сатуов