Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қыздар педагогикалық университетіне тиесілі жер талан-таражға түскен

Қыздар педагогикалық университетіне тиесілі жер талан-таражға түскен

Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық университетіне тиесілі жерді заңсыз саудалағандар ұсталды.
Алматы Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі күдіктілердің 9 гектар жер телімін жымқырғанын мәлімдеді. Ал талан-таражға кеткен учаскілерді кезінде сатып алып, үй  салған халық қайда барарын білмейді.

Жер телімдері тұрғындарға 3 жыл бұрын сатыла бастаған. У часкілерді олар заңды құжаттарымен алғандарын айтады. Үй тұрғызып, енді еңсеміз көтерілді дегенде баспанамыздан айрылмақшымыз  дейді. Халық ҚызПУ мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйімізді  тартып ала ма деп үрейленеді.

Алмас НҰРТАЗИН, КЕМЕРТОҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім 2019 да алдым январьдің бесінде. Мартта келіп мен фундамент құйдым. 80 процент халық тұрады осы жерде. Газ, су жүрілді, өзіміздің ақшамызбен жолды жөндеттік. Каждый үй 40 мың теңгеден шығарып.  

Садыхан ҚАМЗАНОВ, КЕМЕРТОҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Мына халық қалың орман, бәрі жапа шегіп жатыр. Бастап не сала алмай жатыр. Не сата алмай жатыр кетейін десе.

Жергілікті халық әкімдіктен жер телімдерінің бұғатталуы жайлы түсіндірме жүргізуін талап етті. Ал облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі жерді заңсыз жымқырғандарды анықтады. Күдікті ретінде білім ордасының бұрынғы қызметкері, «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалдың Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі,  Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшылары ұсталған.

Бақытжан БАЗАРБЕК, ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ:

Женпи тек қана қамалған жерлерлі арестке қойылған үй соғылмаған жерлерді қайтару мәселесін қойып отыр. Ал жетпеген жерлерді мемлекеттен талар етеді. Ал азаматтардың соққан үйлерін Женпи бұзбайды.

Жандарбек АСАН, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Бізде университет өз тарапымыздан жәбірленуші тараптанбыз. Университеттің балансындағы меншік жоғалып отыр.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігі қазір күдіктілерге тиісті тергеу шараларының жүріп жатқанын айтты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Білім ордасының басшылары  тергеу амалдарының әділ жүргізілетіне үмітті.  
Не де болса Ұлттық университетке тиесілі зертханалық орталық салынуы тиіс дейді.  Саламыз деп жоспарлап қойған. Ал халық маңдай терімізбен алған жер телімдерінің бір қарысында қайтармауға бекінген. Олар енді қол жинап Президент атына хат жазбақшы.

 
Ә. Лесбек