$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістанда экс-депутаттың дәмханамен есеп айырысатын ақшасы болмаған

AstanaTV
18.10.2021ж. 20:00
2128
Түркістанда экс-депутаттың дәмханамен есеп айырысатын ақшасы болмаған

Түркістанда экс-депутат қоғамдық орында шу шығарды. Бұл келеңсіздік әлеуметтік желіде тарап кетті.

Бейнежазбадағы ер кісі өзін сабырға шақырғандарды елегісі де жоқ. Шу шыққан жерге көңіл көтеру орнының қызметкерлері көмек сұрап полиция шақыртқан. Бұл жағдай демалыс күні түнгі бірде болыпты. Тәртіп сақшылары жергілікті ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Әкімшілік іс қозғалған.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғандығы және ағымдағы жылдың наурыз айында өкілеттігін тоқтатқаны анықталды.

Шу шығарған азаматтың бұрынғы депутат екенін әріптестері де растады. Қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Таңғатаровтың телефон арқылы берген мәліметіне сүйенсек, экс-депутат небәрі 2,5 ай ғана қызметте болған. Ол басқа қызметке ауысуына байланысты депутаттық мандатын өткізген. Теміржол саласында еңбек ететін бұрынғы депутаттың мұндай мінезін бірінші рет көріп тұрмын деді ол.

А. Төребекқызы