Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Түркиядағы отандастарымыз кәмелетке толмағандарды да алдаған

AstanaTV
25.10.2021ж. 20:00
1610
Түркиядағы отандастарымыз кәмелетке толмағандарды да алдаған

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді  алдап, ақша алған.  Түркияда   қазақ қыздарын жер соқтырды  деп жар салған заңгер Айгүл Орынбек бұл жолы жас жеткіншектердің де арбауға түскенін айтып дабыл қағуда.  Өзге елде  жүріп, жұртты миллионер болуға шақыратын  тағы бір отандасымыз пайда болды дейді ол. Тілшіміз Динара Жарқынбектің бейнематериалы.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Түркияға барып алданып қалғандардың арызы қаптап жүр. Заңгер Айгүл Орынбек  кәсіп жасауды үйренем деген жасөспірімдер де  алданып қалды дейді. Ақтау тұрғыны 17 жастағы баласының осылай арбауға түскенін айтып шағымданыпты. Заңгердің  айтуынша, жасөспірім ата-анасының бар жиған-тергенін алып берген.

Айгүл ОРЫНБЕК, ЗАҢГЕР:

17 жасар бала ақша аударып жіберген. Енді ол Түркияға бара алмайтын болған соң анасы барған.  Яғни ол баладан жасында сұрамаған. Ата- анасын да сурамаган. Мамасынан руқсат алдын ба алмадың ба, сурамаган. Депозитте турган үлкен сумманы аудартып алған.

Ал миллионер болуға ниеттенген Акгүл Мұратқызы Түркияға барып, қомақты қаржыны желге ұшырдым дейді. Ол бизнес бастауға  ниеттеніп, кәсіпкер Ұлдана Ерқасымқызына    ақша аударған. Ал Ұлдана  бар жағдайды жасауға уәде берген көрінеді.  Сондай-ақ келісім бойынша тауар өндіретін зауытпен тікелей жұмыс істеуді үйретуі керек болған.  Бірақ оның бірде бірі болған жоқ дейді Ақгүл.   

Ақгүл МҰРАТҚЫЗЫ, ШАҒЫМДАНУШЫ:

Біз бардық көрдік. Ол жерде еш фабрика жок. Ашық базар. Тегін. Халықты алдау.Коммерциялық құпияларды білдік. Сосын қарсы шықтық. Жалған, бізді мошенничествога үйретіп жатсыздар деп. Қарсы айтқандықтан ол маған қол көтерді.


Арызданушы Түркиядағы Қазақстан елшілігіне шағым түсірген. Алайда   елшілік тарапынан ешқандай жәрдем болған жоқ дейді.Кеше ғана елге оралған Ақгүл тиісті органдарға арыз жазып, істі соңына дейін жеткізем деп отыр.

Ақгүл МҰРАТҚЫЗЫ, ШАҒЫМДАНУШЫ:

Стамбулда қалып қойдық. Қорықтық. Көмек сұрадық. Елшіліктің өзі басын ала қашты. Қазақстанға міне түнде 1 жарымда келдім. Енді арызданам прокуратурасы бар, налог бар, ішкі істер министрлігі бар.

Ал Ұлдана Ерқасымқызы шағымданушылардың сөзімен келіспейтінін және  жұрт алдында  ары таза екенін айтады. Оның көмекшісі Ардақ Есенқосова бұлай еңбегімізді қаралағандарға қарсы кері шағымданамыз деп отыр. Оның айтуынша, оқуға келгендер Ұлдана берген білімді соңына дейін алған. Сол себепті енді оларға бір тиын да қайтарылмайтынын жеткізді.

Ардақ ЕСЕНҚОСОВА, КӘСІПКЕР:

Жоқ, ешқандай ақша қайтпайды.  Олар 3 апта жатты. Оқыды үйренді. Ол айту керек еді 1 аптадан кейін. Маған ақшамды қайтарым бер. Маған ұнамай жатыр деп. Жоқ, олар  3 апта үйренетінін үйреніп, боларлық энергияны жұмсадық, барлығын көрсеттік оларға.


Шағымданушы Ақгүлдің айтуынша, осындай жағдайға тап болғандар оған көптеп хабарласып, хат жазып жатқан көрінеді.  Ал, Ұлдана  , "өзімді ақтау үшін елге арнайы келем" деп отыр.

Айта кетейік, бұл мәселе  ертең біздің арнада  сағат 14-00 де "Айтарым бар" хабарында кеңінен талқыланады.  Толығырақ ақпарат білгілеріңіз келсе, көріңіздер.

Д. Жарқынбек