Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордалықтардың 70 пайызы халық санағынан өтті

AstanaTV
25.10.2021ж. 20:00
894
Елордалықтардың 70 пайызы халық санағынан өтті

Елордалықтардың 70 пайызы халық санағынан өтті. Көпшілігі науқанды жұмыста өткен. Енді сұхбат алушылар тек пәтерлерге ғана емес, кеңселерге де ұжымның шақыртуымен бара алады. Мұндай шаралар еріктілерге түсетін жүктемені азайтуға және санақ үдерісін тездетуге көмектеседі дейді мамандар. Толығырақ тілші Ақбота Базарбайдың  бейнематериалында.

Қала тұрғындары сұхбат алушыларға және жалпы санаққа сене бастады. Бұл туралы қалалық статистика департаменті хабарлады. Олар бұл, ең алдымен, Нұр-Сұлтанда жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының арқасында екенін атап өтті.

Жорабек ДӘУРЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Барлық ЛЕД экрандарда, автобустардың ЛЕД экрандарында және де бильберд банерлерде осы материалдар орналастырылып елдерді құлақтандыру мәселесі қолға алынып отыр. Сонымен қатар бүгін әкімдіктің көмегімен, және де әсіресе бүгін атап өткім келетіні  белсенді жастардың волонтерлік жұмысы арқылы бізге өтеусіз негізде үлкен көмек көрсетіп жатыр.

Сұхбат алушылар бір пәтерге үш рет қана бара алады. Алайда, кейде бұл жеткіліксіз. Сарапшылардың айтуынша, кейбір адамдарды үйде табу қиын. Сондықтан қала тұрғындарына жұмыс орнында санақ жүргізу мүмкіндігі ұсынылды. Ол үшін кеңсеге еріктілерді шақыру туралы ұжымдық шешім қажет.

Жорабек ДӘУРЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Ұжымдарға барып, тұрақты учаскіге қатып қалмай, ұжымдарға барып, олар ниет білдірген жағдайда оларды жұмыс орнында санақтан өткізуге мүмкіндік болды.

Қазірдің өзінде 800 мыңнан астам астаналықтар өз деректерін тіркеді. Бұл Елорда тұрғындарының 70% -дан астамы. Санақты әлі де онлайн E-Gov порталы арқылы немесе Aitu мобильді қосымшасында тіркеліп, sanaq.gov.kz арнайы сайтында өтуге болады. Мамандар халық санағы 8 қарашаға дейін созылатынын хабарлайды.

А. Базарбай