Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Менің жеткен жетістігім қазақ тілі мен домбыраның арқасы" - А.Лодочников

AstanaTV
26.10.2021ж. 20:00
1803
"Менің жеткен жетістігім қазақ тілі мен домбыраның арқасы" - А.Лодочников

Өзге ұлт өкілі болса да, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Домбыраның құлағында ойнайды. Күй шертеді, ән жазады.  Павлодар қаласының тумасы  Алексей Лодочников  осындай -сегіз қырлы бір сырлы жігіт.  Бұл-қазақ бауырларыма деген  шексіз  құрметім  дейді ол.

Алексей Лодочниковтің жасы -22-де. Павлодар қаласының тумасы. Өзге ұлт өкілі болса да,  қазақ тілінде еркін сөйлейді. Домбыраның құлағында ойнайды.  Өзінің айтуынша   5 жасынан бастап өнерге жақын болған. Балалар үйінде оны ұстаздары домбыра үйірмесіне қатыстырып, өнерге баулыпты. Қазақ тілін де сонда үйрендім дейді.

Алексей ЛОДОЧНИКОВ, ЕЛБАСЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ PR ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Ұстаздарым мені осындай керемет жолға түсірді. Солай қазақ тілін меңгере бастадым. Кейін қазақ мектебіне мен қазақ тілін жетік меңгере бардым. Қазақ тілінің арқасында мен Елбасының алдында өзімнің өнерімді көрсеттім.
 

Алексей - қазақстанның 100 жаңа есімі ұлттық жобасының жеңімпазы. Музыкант,ән жазады, актер ретінде сериалға түскен. Енді ол алдағы уақытта  ән кешін өткізуді жоспарлайды.  

Алексей ЛОДОЧНИКОВ, ЕЛБАСЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ PR ҚЫЗМЕТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Домбырамен ән айтқаныммен шектелмеймін. Өзімнің авторлық әндерімді де жазамын. 5-6 шақыт авторлық әндерім бар. Әні мен сөзін өзім жазамын. Құдай қаласа пандемия біткенде , өзімнің жеке ән кештерімде осы әндерді көрермендерге таныстыру, табыстау деген ойым бар.


Алексей қазір Елбасы академиясында жұмыс істейді. Жас жігіт осы уақытқа дейін жеткен жетістігім қазақтың тілі мен қара домбыраның арқасы дейді. Қазақ деген ұлы халықтың  тілі мен дәстүріне тек  құрметпен қаратынын айтады.  

Б. Сатуов