$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарлық әйел баласын оқуға жібермей, ақша табуға жұмсаған

AstanaTV
28.10.2021ж. 20:00
2201
Павлодарлық әйел  баласын оқуға жібермей, ақша табуға жұмсаған

Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған жеткіншек ақша табу үшін оқуын тастап кеткен. Себебі, анасы оған  жұмыс істеуді бұйырыпты. Бұл жайды облыстық полиция департаменті анықтады. Құзырлы органға студенттің оқу орны шағым түсірген. Колледж басшылығы оқушының екі ай сабаққа  себепсіз келмегеніне алаңдапты.  Кейін баланың егістік алқабында көкөніс жинап, ақша тауып жүргені белгілі болған.   

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны үшін үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша анасына хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.


Облыстық білім  басқармасы жеткіншекті  оқуға қайтару үшін жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Оқушы Успен аудандық агрорлық колледжінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша тегін оқыған. Шәкіртақы да алып тұрыпты. Оқу орны жатақханамен, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, жылына екі рет жол ақысын төлеп тұрған.  Айта кетейік, биыл өңірде  кәмелетке толмаған баласына дұрыс  тәрбие бере алмаған 382 ата-ана жауапкершілікке тартылды.  

З. Санай