Қызылордада «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі басталды. Сайысқа 6-10 сынып оқушылары қатысып, бақ сынауда. Талап бойынша,балалар «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, Алтын орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беруі керек. Облыстық кезеңде оқушылар алдын ала өткізілген жеребе бойынша жұптасып, өнер көрсетеді. Өңірде екінші мәрте өтіп жатқан сайысты «Qazaq Epos» қоғамдық қоры, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы және облыстық білім басқармасы бірігіп ұйымдастырды.
Қаршыға ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Енді екінші кезең басталады. Бұл кезеңде мектеп оқулықтарынан, қазақ әдебиеті және тарихтан сұрақтар беріледі. Енді екі кезеңнің қорытындысы бойынша біз 3 үміткерді алға шығарамыз. Оның бірінші орын алған жеңімпазы республикалық жарысқа баратын болады.
Д. Жарқынбек