Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Орал тұрғыны сүйіктісін қызғанамын деп пышақтап өлтірді

Орал тұрғыны сүйіктісін қызғанамын деп пышақтап өлтірді

Оралдық азамат сүйіктісін  қызғанамын деп пышақтап өлтірді. Қайғылы оқиға болған пәтер қазір жабық тұр. Сыртына мөр басылып, құлып салынған.  Полицияның дерегінше, күдікті жігіт пен марқұм келіншек көңіл қосып, кездесіп жүрген. Қос ғашықтың соңғы кездесуі тәулікке жалға берілетін осы пәтерде өткен көрінеді.  Оңаша жерде көңіл көтеріп,екеуі  ішімдік   ішкен. Бірақ көңілді отырыстың қуанышы ұзаққа созылмады. Ішімдікке масайып қалған жігіт сүйіктісін әлдекімнен қызғанып, басынан, белінен бірнеше рет  пышақтаған. Ауыр жарақаттанған әйел сол жерде көз жұмды.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жедел іздестіру шаралары барысында 42 жастағы ер адам ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Е. Карин