Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресейлік "СБЕР" компаниясымен меморандумның күші жойылған жоқ

AstanaTV
11.11.2021ж. 20:00
1493
Ресейлік "СБЕР" компаниясымен меморандумның күші жойылған жоқ

Ресейлік "Сбер" Қазақстанды цифрландырумен айналыспайды.  Компаниямен арадағы меморандумның күші жойылды деген ақпарат  шындыққа жанаспайды. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Тіпті министр  әлеуметтік желіде осындай жаңалықтың  тарап жатқанынан да бейхабар боп шықты. Бірақ  министр Сбермен келісім жасалған күнде де, жобамен шетелдік мамандар емес отандық IT қызметкерлері айналысады деді. Сондықтан қоғамдық резонанс тудырған мәселеге алаңдамауға шақырды.  Жобаға қаралған  жарты миллиард қаржы да толықтай Ресейге берілмейді.  Қомақты қаражат отандық  ІТ компанияларға жұмсалады. Платформалық модельге көшу бойынша қажетті инфрақұрылым, серверлік орталық Қазақстанда қалады. Ол ешқайда кетпейді деді министр.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:


Қазақстанның ішінде орналасқан серверлік орталықтар құрылатын болады. Сол Қазақстандық серверлік орталықтарда осы палтформа және деректеріміз сонда сақталатын болады. Ешқандай шетелдік мемлекетке деректерімізді беріп жатқан жоқпыз.

Б. Сатуов