Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Самара – Шымкент" тасжолында жүк көліктері қар құрсауында қалды

AstanaTV
11.11.2021ж. 20:00
1788
"Самара – Шымкент" тасжолында жүк көліктері қар құрсауында қалды

Ақтөбені қалың қар басты. Қалада да, далада да көлік қозғалысы қиындап, жүргізушілер әбден әбігерге түсті. "Самара – Шымкент" тас жолында жүк көліктер омбы қарда жүре алмай, қаңтарылып қалды.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аймақтың сегіз ауданында қалың қар жауған. Құтқарушылар ақ ұлпа тағы екі күн жауатынын ескертіп отыр. «Қазақавтожол» мекемесінің мәліметі бойынша,  республикалық маңызы бар жолдарда 19 техника құтқару, тазарту, құм мен тұз себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.   

Нұрбек ОРАЛБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ДЕПАРТАМЕНТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Хромтау ауданы Самара-Шымкент республикалық тас жолының 834-шақырымында ауа-райының жаман болуына байланысты жол тайғақ болып және үлкен техникалардың көтеріле алмауынан, кішкене төмпешіктер бар сол трассада, техникалар тұрып қалған, көп емес 5-10 техника. Құм және тұз себу, яғни, жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Полиция департаменті  "Самара-Шымкент" тас жолының Хромтау қаласынан мен Қарабұтақ елдімекеніне дейінгі бөлігі  жабылғанын хабарлады. Сондай-ақ   жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолда аса мұқият болуға шақырады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте14 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бес жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Г. Сейтенова