$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен теріскейге көшіп барғандар жұмыс таппай жүр

AstanaTV
26.11.2021ж. 20:00
1681
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен теріскейге көшіп барғандар жұмыс таппай жүр

Солтүстік Қазақстанға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен көшіп барғандар жұмыс таппай жүр. Білімі бар білікті мамандардың өзі әр тірліктің басын бір шалып, өлместің күйін кешуде. Тіпті кейбір отбасы оңтүстікке қайта көшіп кеткен.  Жайлы өмір іздеп барған азаматтар неге теріскейде тұрақтай алмауда?  Өңірден-Абзал Құрманкин.

Өмірзақтар отбасы  теріскейге былтыр оңтүстіктен қоныс аударған.  Отағасы Жүсіп Өмірзақ  жоғары білімді заңгер. Бірақ  солтүстікке келгелі мамандығы бойынша жұмыс таба алмапты. Сондықтан қазір ол амалсыздан мал бағып жүр.

Жүсіп ӨМІРЗАҚ, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімдік осы дипломмен жұмыс бермеді. Сол міне қойды кәсіп қып отырмын. Енді сол мына үйіміз де нашар. Оны әрі жөндейміз, бері жөндейміз деп уәде берді. Бәрі өтірік болды.

Мақпал Тоқанаева да дәл осындай жағдайда.  Заңгердің дипломы Қызылжарда жайына қалды дейді ол. Тірлігін тіктеуді мақсат еткен бес баланың анасы базарға саудаға шыққан.    

Мақпал ТОҚАНАЕВА, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Базарда тұрып, сауда жасап, күнделікті ақшамызды, тамағымызды алып келіп жүрдім. Балалардың дәрі- дәрмегі бар, памперсы бар. Жолдасымның тапқаны шындығында қазір тек кредитті жабуға кетіп жатыр. Біз осында көшіп келгелі кредит алдық амалсыздан.


Биыл "Еңбек" бағдардамасы аясында Қызылжар өңіріне 700 астам отбасы көшіп келген. Жергілікті билік өкілдері, өңірге қоныс аударғандар  жұмыс таппай жүрген жоқ, олардың көбі өз мамандығы бойынша еңбек етуге құлықсыз дейді.

Мұрат ҚАРАБҰЛАЕВ, СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫ ПОКРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
 
Биылғы көшіп келгендердің ішінде бір кісі баламен отыр. Ол жұмысқа шыға алмайды, балалары әлі кішкентай. Қалғандары грант алып, бір кісі қой шаруашылығымен айналысып жатыр. Бізге көшіп келгендердің көбісі өз шаруашылығымен айналысамыз деп келеді. Егер дипломы болып жатса, біз ұсынамыз бар вакансияны.

Соңғы бес жылда теріскейден 150-ге жуық отбасы   оңтүстікке қайта көшіп кеткен. "Еңбек" бағдарламасы бойынша игерілмей қалған қаражат көлемі де аз емес. Биыл Қызылжар өңіріне 4,3 миллиард теңге бөлінсе, оның жартысына жуығы бюджетке қайтарылған.

А. Құрманкин