Ел астанасында БАҚ өкілдері марапатталды. Елбасы кітапханасы және Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған халықаралық конкурстың жеңімпаздары анықталды. 5-ші жыл жалғасын тапқан байқауға, тек отандық емес, әлемдегі белді БАҚ өкілдері де қатысты. Үміткерлер: "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" тақырыбында мақала жазып, бейнематералдар әзірлеген. 5 номинация бойынша жеңіпаздардың есімі белгілі болды. Астана телеарнасының тілшісі Ирина Якунина - «Үздік теледидар материалы» номинациясы бойынша 2-шы орынға ие болды. Айта кетейік, бұл жолғы жарысқа 400-ден аса жұмыс түскен.
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Конкурстың географиясы өсіп келе жатыр. Бұрын мына ТМД елдерінде ғана қатысатын болса, қазір дамыған елдерден де қатысып жатыр. Мұхиттың ар жағынан қатысып жатыр. Мәселе, бұл жерде тек қана журналистерге сыйлық беріп, болмаса ол емес, жалпы әлемнің Қазақстанға деген қызығушылығын таныту.
Д. Жарқынбек