Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыдағы №58 балабақшадан шу шықты

AstanaTV
29.12.2021ж. 20:00
1798
Алматыдағы №58 балабақшадан шу шықты

Алматыдағы балабақшалардың бірінен тағы да шу шықты. Бұл жолы бір топ бала бір бүлдіршінді жабылып ұрған. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Соққылардан жасқанған балғын қайда қашарын білмеген. Ары-бері жүгіріп, тепкінің астында қалады. Бейнебақылау камерасына жазылған жазбадан бір де бір балабақша қызметкері көрінбейді. Қалалық білім басқармасы келеңсіз оқиғаның нөмірі 58-ші балабақшада болғанын хабарлады.

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ:

Жіберілген заңбұзушылықтары үшін топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі қызметтерінен босатылды. Бақылауды әлсіреткені үшін Әуезов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен білім басқармасының басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды.Зардап шеккен балаға қазір психологиялық көмек көрсетілуде, баланың жағдайы қанағаттанарлық.


Ә. Лесбек