Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шетелдіктер елімізде 65 адам өлтіріп, 16 балаға зорлық жасаған

AstanaTV
29.12.2021ж. 20:00
1501
Шетелдіктер елімізде 65 адам өлтіріп, 16 балаға зорлық жасаған

Елімізде жүрген шетелдіктер  65 адам өлтіріп, 16 балаға азғындық жасаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов айтты. Оның мәлімдеуінше, 5 жылда Қазақстанға  20 мыңнан астам  өзге ел азаматы келген.  Шетелдіктердің қатысуымен болатын қылмыстардың көптігі алаңдатарлық жағдай деді депутат. Сондықтан бұл мәселеге назар аударған жөн екендігін атап өтті.Өзге елден келген  400 мыңға жуық  адам  жауапкершілікке тартылған.  

Ерлан СМАЙЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Шетелдіктер 5 жылда 11 мыңға жуық қылмыс жасады. Оның ішінде адам өлтіру 65, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 249, зорлау 156, балаларға азғындық жасау 16 рет орын алды.

Ә. Дүкембаева