$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда бейбіт шеру кезінде халықпен кездесуге шықпаған қала әкімі қызметтен кетті

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
2260
Атырауда бейбіт шеру кезінде халықпен кездесуге шықпаған қала әкімі қызметтен кетті

Атырауда бейбіт шеру кезінде халықпен кездесуге шықпаған қала әкімі Қайрат Оразбаев қызметтен кетті. Мұны әкімнің баспасөз хатшысы растады. Айтуынша, жұмыстан босату туралы өтінішті шендінің өзі  жазған.  Аймақта толқу болған сәтте ол еңбек демалысында болды,- дейді әкімдік өкілі. 59 жастағы шенеунік арызында   лауазымды орыннан не үшін кеткісі келетінін көрсетпеген.
 
Нұрислам ҒҰМАР, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


2021 жылдың 30 желтоқсан күні кезекті еңбек демалысына кеткен болатын.   Одан 2022 жылдың 10 қаңтары күні жұмысқа қайта шақырылды. Дегенмен 11 қаңтар күні еңбекке жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыз парақшасын аштырды. Қазіргі таңда облыс әкімінің өкімімімен  Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 14  қаңтар күні жазған өзінің өтініші негізінде қала әкімінің қызметінен босатылды.

Экс-әкім бүгін  ұжыммен ресми түрде қоштасып кеткен көрінеді.  Айта кетейік, Қайрат Оразбаев шаһарды  екі жыл басқарды. Ол бұған дейін мұнай, мұнай өңдеу саласындағы бірнеше компанияға басшылық еткен.  Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін уақытша оның орынбасары атқаруда .   

Б. Надірқызы