$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атылып өлген оралдық полицейдің ісі қысқартылды

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
1273
Атылып өлген оралдық полицейдің ісі қысқартылды

Жұмыс орнында атылып қалған оралдық тәртіп сақшысының өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады. Тергеу барысында кіші сержанттың суицид жасағаны расталған. Бірақ 20 жастағы жігіттің бұл әрекетіне не себеп болғаны ақыры жұмбақ болып қалды.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ағымдағы жылдың 13-қаңтарында аталған факті ҚР ҚК 35-бабының 1-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды.


Кіші сержант Жаңабаевтың өзінің жұмыс орны – Орал қалалық полиция басқармасында атылып қалғанын осыған дейін хабарлаған едік. Ол өзіне оқ атпас бұрын самайына қызметтік тапаншасын кезеніп тұрған сәтінен селфи жасап: «Артық кеткен сөздерім болса кешірім сұраймын» деп жазып, желіге қалдырыпты. Ал әріптестері оның былтыр көктемде жұмысқа орналасқанын, қызметінде кінәрат болмағанын, әрі өзін жақсы жағынан ғана көрсеткенін айтумен ғана шектелуде.

Е. Карин