Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген алты супермаркет анықталды

AstanaTV
21.01.2022ж. 20:00
956
Қостанайда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген алты супермаркет анықталды

Қостанайда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылды. Арнайы рейдтік топ тауарды қымбатқа сатқан алты супермаркетті анықтады. Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майын шекті бағадан асырып сатқан көрінеді. Бұл азық-түліктің түгелі әлеуметтік тізімге енген. Ал құс етін жеткізушілер көтерме бағаны 15 пайызға дейін көтеріп жіберген. Қымбатшылықты қолдан жасаған қостанайлық кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Енді жергілікті билік тауық етіне де шекті баға енгізгелі отыр. Бұдан былай оның келісі 890 теңгеден аспауы тиіс. Сәбіз, картоп, пияз және нанның бағасы да бақылауға алынады, дейді ауыл шаруашылық басқармасының мамандары.

Жанар БАЛТАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Нан бағасы 90 теңгеден аспайды. Қаладағы наубайханалармен осындай келісім жасалған. Ұнды нан пісірушілер тұрақтандыру қорынан алады. Онда халыққа арзан сатылатын өнімдердің он төрт түрі бар.

З. Санай