Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 61 дүкен анықталды

AstanaTV
24.01.2022ж. 20:00
1157
Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 61 дүкен анықталды

Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз өсірген 61 дүкен анықталды. Жағдайды пайдаланып, табысқа кенелгісі келгендер  сүт өнімдері мен күнбағыс майының, тіпті нанның бағасын   көтеріп жіберген. Тұрғын үйлерге жапсарлас  салынған сауда нүктелерінің барлығына мамандар мониторинг жүргізілді.  Жергілікті билік  бағаны  ауыздықтаймыз дейді. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Алматыдан -Әсем Лесбек.  
 
Қаралы қаңтардан кейін қаланың дамуына қатысты ұйымдастырылған штаб отырысында біраз мәселе талқыланды. Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасын негізсіз көтерген сауда дүкендерін сынға алды. Әсіресе Бостандық ауданы басшысына қатаң ескерту жасады.

Шаһарда  бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз өсірген 61 факті анықталған. Шенділер қолдан қымбатшылық істейтін сатушылар жауапқа тартылуы тиіс дейді.  

Мақсат ҚИҚЫМОВ, АЛМАТЫ қ. ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде мынадай азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді: күнбағыс майы 15%-ға яғни 920-дан 780 теңге/литрына, сүт өнімдері 5%-ға, әлеуметтік нан 10%-ға. Бұдан да өзге  қажетті деген тауарлардың құны арзандады.


Бірақ, тұрғындар мұндай өзгеріс әлі жоқ дейді. Керісінше,  қымбатшылық бүйірден   қысып  тұрғанын айтады.
 
БЛИЦ:

- Почти 2 еседей қымбаттап кетті ғой кейбір нәрселер. Май бәрі. Ұндар баяғыда арзан еді кішкене.

- 12 мың теңге еді, менің алып ішетін дәрім. 13800 теңге болды. Бір дәрім 2000 теңгеге асып отыр. Барлық нәрсе қымбат.
 
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Дегенмен шенділер азық-түлік бағасын әдейі өсіріп, пайда тапқандарға қатысты шара қолданбақ.  Сәбіз бен күнбағыс майына шекті баға белгіленеді.  Сондай-ақ штаб отырысында  мүлкі зақымданған кәсіпкерлерге бүгіннен бастап  өтемақы берілетіні мәлім етілді.

Ә. Лесбек