$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде тағы кадрлық өзгерістер болды

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
933
Елімізде тағы кадрлық өзгерістер болды

Бүгін Парламенттің Жоғарғы палатасында төрағаның жаңа орынбасары сайланды.  Конституциялық нормаларға сәйкес палата орынбасарының кандидатурасын Палата төрағасы ұсынды. Депутаттар оны қолдап, Парламент Сенаты спикерінің орынбасары қызметіне Ольга Перепечинаны лайық деп тапты. Ал оның орнына, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Серікбай Трұмов сайланды. Ольга Перепечинаның жоғарылауына әріптестері шын жүректен қуанып,   президиумның одан сайын  әдемі бола түсетінін айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Роман Василенко Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол,  Қазақстанның Словакиядағы Елшісі қызметін атқарған.

Ал осыған дейін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы болған Ержан Сәденов Ішкі Істер Министрінің орынбасары болып  тағайындалды. Сондай-ақ, Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз  қызметінің мәліметінше,  ол ерікті түрде жұмыстан кеткен. Оның орнына кім келетіні әзірге белгісіз.   

Ә. Дүкембаева