Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ғ.Пірматов - Ұлттық банк төрағасы болды

AstanaTV
03.02.2022ж. 20:00
1403
Ғ.Пірматов - Ұлттық банк төрағасы болды

Бүгін Сенатта Ұлттық Банк төрағасының есімі жария болды. Президент ұсынған Ғалымжан Пірматовты депутаттар бір ауыздан қолдады. Айта кетейік, Конституцияға сәйкес Ұлттық банк төрағасының кандидатурасына келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады. Дегенмен, жиынға су жаңа төрағаның өзі қатысқан жоқ. Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ол коронавируспен ауырып қалған. Ғалымжан Пірматов бұған дейін "Алтын Банк" Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болған.

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


"Механика, қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институтын және АҚШ-тың Вилламет университеті Джорж Х.Аткинсон атындағы Жоғары менеджмент мектебін бітіргендігі туралы екі Іскерлік басқару магистрі дәрежесі бар. 1998 жылдан бастап түрлі ұйымдарда, оның ішінде АҚШ, Украинада орта буындағы басшы лауазымдарын атқарған.


А. Данияр