Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда Алматыдағы дүкендерді тонағандардың бірі ұсталды

AstanaTV
03.02.2022ж. 20:00
1481
Оралда Алматыдағы дүкендерді тонағандардың бірі ұсталды

Оралда Алматыдағы бүлікке қатысып, дүкендерді тонаған ұры ұсталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің дерегінше, оның көлігінен 23 телефон табылған.

Күдікті мінген ресейлік тіркеудегі көлік кезекті рейд кезінде тоқтатылған. Енді оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Полиция дерегінше, бұл азамат Алматыдағы бүлік кезінде "Москва" сауда үйіне басып кіріп, 31 ұялы телефон, 3 ноутбук, 3 планшетті олжалапты. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Е. Карин