Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бес бірдей кәсіпорынға апаратын жол биыл жөнделмейтін болды

AstanaTV
15.04.2016ж. 20:00
1325
Бес бірдей кәсіпорынға апаратын жол биыл жөнделмейтін болды

Астана халқының 20 пайызын нанмен қамтып отырған және ЭКСПО көрмесіне құрылыс материалдарын тасып жатқан кәсіпорындарға апаратын жол биыл жөнделмейді. Біздің сауалымызға Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы осындай жауап қатты.

Азамат Қарагозин, Астана қаласы автомобиль жолдары басқармасы, жолдарды салу және жөндеу бөлімінің бас маманы:

Биылғы жылы аталған жобаны іске асыру мүмкін емес. Биыл қаржы қарастырылмаған. Келесі жылы қаражатқа сұраныс жібереміз, сұраныс берген жағдайда ғана іске асырылады.

Астананың шетіндегі бес бірдей кәсіпорын жол азабын тартып отырғанын бұған дейін айтқан едік. Тас жол әлдекімге сатылып кеткен. Кәсіпкер жеке территориясын қоршап та үлгерген. Содан бері Елорданың 20 пайызын нанмен қамтамасыз етіп отырған және ЭКСПО көрмесіне құрылыс материалдарын тасып жатқан кәсіпорын жұмысы бәсеңдеген. Кәсіпкерлер бар болғаны 700-800 метрлік жерге жол төсеп беруді сұраған болатын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ