Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мемлекет басшысы "Nur Otan" партиясының Атқарушы хатшысын қабылдады

AstanaTV
07.02.2022ж. 20:00
916
Мемлекет басшысы "Nur Otan" партиясының Атқарушы хатшысын қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Кездесу барысында Президент партияның жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Партия төрағасының айтуынша, бұл  ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін маңызды. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруІ  және жедел әрекет етуі тиіс.  Мемлекет басшысына Асхат Оралов партияның жұмысын қайта құру жоспары жөнінде мәлімет берді. Қазір саяси ұйымның Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген жол карталарының жүзеге асырылуы бойынша жүйелі талдау жүргізіліп жатқанын баяндады.

Т.Әлжанов