$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада есірткі зертханасын ашқан қыздар ұсталды

AstanaTV
09.02.2022ж. 20:00
2300
Елордада есірткі зертханасын ашқан қыздар ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы саяжайдың бірінен синтетикалық есірткі өндіріп, оны сатумен айналысқан қыздар ұсталды. Ресми ақпараттарға сүйенсек, тәртіп сақшылары жалдамалы үйді тінту кезінде есірткінің бірнеше түрін және 140 литрден астам прекурсор тапқан. Сондай-ақ, үй жағдайында есірткі дайындауға арналған түрлі зертханалық жабдықтарды тәркіледі. Айта кетейік, ұсталған екі қыздың бірі Ресейдің тумасы. Құзырлы органның мәліметінше, олар бір жылдан астам уақыт бойы синтетикалық есірткі дайындап, оны Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан.

Асқар МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тінту барысында ұсталынғандардан 1200-ден астам экстази таблеткалары, 2 кг альфа перепи тәркіленді. Және де сатуға дайындалған 2 ірі закладкалардың орны анықталып, олардан бірдей 2 кг  мифедрон алынды. Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 4 кгды құрады.

Л. Қуанышқызы