Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ертіс өзені арнасынан асып, Өскеменде 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

AstanaTV
24.06.2016ж. 20:00
1609
Ертіс өзені арнасынан асып, Өскеменде 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Ертіс өзені арнасынан асып, Өскеменде 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жайылған өзен суы жағажайлар мен жолдардың бір бөлігін басып қалған. Жағаға жақын орналасқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр. Алайда, адамдардың көпшілігі қауіптің қаншалық деңгейде екенін түсінбегендіктен, жылы орнынан қозғалғысы жоқ. 

Ертіс  мықтап мінез көрсетті. Өзендегі судың деңгейі әлі де сәт санап көтерілуде. Алайда, билік өкілдері "су-электр стансасының табиғи апатқа төтеп беруге қауқарлы" екенін айтады. Судың қатты ағысына жағажайлар да әзір көрінеді.

Ал жағалау маңында тұратын адамдар баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр. Бір тәуліктің ішінде су деңгейі 40 сантиметрге көтерілген. Өзен суы бау-бақша мен жолдардан бөлек тұрғын үйлерге де жайылып барады. Құтқарушылар бұқараны жедел көшіруді қолға алды. Алайда, баспаналарын тастап кетуге асықпай отырғандар да бар.

-Почему не эвакуируетесь? -Здесь пока сухо. -Как сухо? Посмотрите сколько воды? -Сейчас будем эвакуироваться.

Надежда Ларионова,  ШҚО №2 жергілікті өзін өзі басқару комитетінің өкілі:

Зейнеткерлер тауықтары мен иттері бар екенін айтып, үйден шығудан бас тартты. Жағдайдың оңалуын күтеміз деп отыр.

Құтқарушылар мен полицейлер әрбір үйді қайықпен аралап жүр. Төтенше жағдай мамандары, жиналған суды сорғызғаннан пайда жоқ деп отыр. Жағдай осылай жалғаса берсе, тұрғындарды эвакуациялаудың өзі қиынға соға ма деп алаңдайды.

Марина Лискова, Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің инспекторы:

Бұл қауіпсіздік үшін жасалуда. Алайда адамдар мұны түсіне бермейді. Кей тұрғындардың үйлерін тастап кетуге асықпай отырғаны құтқарушылардың жұмысын қиындатты. Бұл әрекетінің нақты себебін түсіндіріп жатқан ешкім жоқ. Кетпейміз дейді.

Ресми ақпарға сәйкес, су басқан аумақтардан 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы телефон желісі жұмыс істеп тұр. Қаланың барлық қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Шүлбі станциясынан секундына 3000 текше метр су босату туралы шұғыл шешім қабылданды. Мамандардың айтуынша, одан өзге амал жоқ. Толассыз жауған жаңбыр мен таудағы еріген қар суы жағдайды одан ары күрделендіріп отыр. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ