$448.44 €514.81 ₽5.33
×

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден үшінші орынмен Азиаданың финалына шықты

22.09.2026ж. 09:08
Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден үшінші орынмен Азиаданың финалына шықты
Фото: Никита Басов

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында финалға жолдама алды,  деп хабарлайды  AstanaTV.

Отандастарымыз 4х100 м кешенді жүзуден эстафеталық жарыста өнер көрсетті. Ұлттық құрама қашықтықты 3:38.65 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте үшінші орын алды.

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы алтын жүлде үшін күреседі.

Айта кетейік, бұған дейін Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден ақтық сынға өткен еді.