Астана
әкімдігі мен қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері футбол алаңында
бақ сынады. Полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер төл мерекелерін осылайша
таза ауада ерекше атап өтті. Орталық стадиондағы достық кездесу өте тартысты
болды.
Күнделікті спорттық дайындығы болмаса да, мемлекеттік қызметкерлер
намысты қолдан бермеуге тырысты. Оларды қолдауға отбасы мүшелері мен әріптестері
жиналған. Жанкүйерлердің футболшыларға дем беруі, ойынның көркін қыздыра түсті.
Мықтылығын танытқан полицейлер шенеуніктерді 2:0 есебімен жеңді. Сөйтіп «Достық» кубогы тәртіп
сақшыларына бұйырды. Бұл сыйлық келесі жылы өтетін кезекті сайысқа дейін
сақталады.
Рахат
Бекқадамов, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі:
Ойын
өте тартысты болды. Әрине, Астана қаласының әкімдігі 2:0 есебімен жеңіліп
қалғанымен, оған ешқандай өкініш жоқ.