Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 құзырлы орган қызметкері ұсталды",- Бас прокуратура

AstanaTV
28.02.2022ж. 20:00
2407
"Заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 құзырлы орган қызметкері ұсталды",- Бас прокуратура

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа отырысында айтылды. Резонанс тудырған мәселерді арнайы мамандар тергеп жатыр. Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың сөзінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында  заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 құзырлы орган қызметкері ұсталған. Бұдан бөлек, "қаралы қаңтар" оқиғасы бойынша тергеу-жедел топтары терроризм актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3502 қылмыстық істің тергеліп жатқанын жеткізді. Қазір 737 күдікті  тергеу изоляторында отыр.

Серік ШАЛАБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1,5 мыңға жуық оқиға орындарын қарау жүргізілді, 1500-ден астам сот-медициналық сараптама тағайындалып, жүргізілуде. Прокуратура органдарына тергеудің заңсыз әдістері мен азаптауды қолдану туралы 283 арыз түсті. Оған кінәлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері заң алдында қатаң жауапқа тартылатын болады.

А. Данияр