Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкентте бүгін 1 млн бауықсақ және 1 млн құрт таратылды

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
1443
Шымкентте бүгін 1 млн бауықсақ және 1 млн құрт таратылды

Көкөтемнің алғашқы күні, "Алғыс айту" мерекесіне орай бүгін Шымкентте ерекше акция өтті. Қалың көпшілікке 1 миллион дана бауырсақ пен  осынша көлемдегі құрт тегін  үлестірілді.

Қазақтың ұлттық тағамдары көпшілік көп жүретін орындарда таратылды. Бауырсақ пен құрттарды тұрғындары мен қала қонақтарына ерікті жастар үлестірді. Ұйымдастырушылар бүгінгі күнді ереуше тойлауды көздеген. Бауырсақтар мен құртты әзірлеуге аз күш жұмсалмапты. 1 млн дана бауырсақты пәсіруге, 5 қап ұн мен 80 литр май жұмсалған. Ал құртты қала іргесіндегі тұрғын алабтардың тұрғындарына тапсырыспен жасатқан.

А. Төребекқызы