Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Кәрім Мәсімов Қарағанды облысының кәсіпорындарына жұмысшыларды қысқартпауды тапсырды

AstanaTV
27.06.2016ж. 20:00
1330
Кәрім Мәсімов Қарағанды облысының кәсіпорындарына жұмысшыларды қысқартпауды тапсырды

Бүгін премьер-минситр Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына іссапармен барды. Ол ең алдымен алпауыт кәсіпорындарға жұмысшыларды қысқартпауды тапсырды. Теміртаудағы кеңейтілген жиналыста ол тау-кен, металлургия саласын дамытуға ат салысуды тапсырды.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхаммед Әбдібековтің мәліметінше, аймақта жұмысшыларды қысқарту жағынан «Арселеор Миттал Теміртау» көш бастап тұр. Компания соңғы 5 жылда 8 мың металлургті жұмыстан шығарған. Салдарынан кәсіпорында жұмысшылар тапшы. Әрі жұмыскерлер арасында әлеуметтік қайшылықтар белең алуда. Онымен қоса, биыл өндіріске инвестиция тарту бұрынғы жылдардан 2 жарым есеге азайыпты. Металға сұраныстың төмендеуін алға тартқан компания билік тарапынан жасалған ескертулерге құлақ аспай отыр. Кәрім Мәсімов аймақ басшысының шағымын тыңдап, мәселе үкімет отырысында талқыланып шешілетінін айтты.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер–министрі:

Сіздердің кәсіпорындарыңызда Қазақстанның көптеген тұрғыны жұмыс істейді. Олармен бірге шағын және орта бизнес те компанияның тұрақты жұмысына тәуелді. Сондықтан экономикалық қиындықтарға қарамастан, жұмыс орындарын сақтап қалуға тиіссіздер. 

Айжан ҚУАШ