Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Министрлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін не істеп жатыр?

AstanaTV
29.03.2022ж. 20:00
749
Министрлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін не істеп жатыр?

Жыл басталғалы әлеуметтік маңызы бар тауарлардан бастап, күнделікті тұтынатын нанға дейін қымбаттаған. Кейбір заттардың құны бірнеше есеге артты. Бұған халық наразы.  Еселеп өскен баға қалтамызды қақты деген тұрғындар алдағы күнге алаңдайды.  

БЛИЦ:

- Өзі жейтініміз- көкөніс пен жеміс-жидек. Бәрі таза қымбаттап кеткен, ала алмадық. Зейнеткердің ақшасына ештеңе келмейді ғой. Біреу-екеуден алатын шығармыз 3-4 жылда.

- Енді жуа өте қымбат: Баға қайда кетіп барады?! Картоп та өте қымбат.

- Сүт, қант, май ең керектері, еттің де бағасы өсті.


Ұлттық экономика министрі азық-түлік құнына қысым жасалып жатқанын ашық мойындады. Оған бірден-бір себеп теңгенің құнсыздануы және импорттың төмендеуі, дейді. Айтуынша, нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін  кешенді жоспар негізінде жұмыс жүргізілуде. Ал, инфляция белгіленген дәлізден шығып кетпеуі үшін тиісті шара қабылданатынын жеткізді.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Жағдай бір-екі ай ішінде тұрақталады деп ойлаймын. Түсінесіздер ме, баға әрдайым өседі. Бірақ, бұл жерде оның қаншалықты жылдам және қандай кезеңде өсетіні маңызды. Инфляция үнемі бола береді, өйткені ол экономиканың өсіп жатқанын көрсетеді. Егер инфляция өте төмен болса, онда біз тоқырау жағдайында тұрмыз деген сөз.


А. Данияр