Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Тұрғын үй бағасына қатысты жағдай құбылмалы", - министр

AstanaTV
29.03.2022ж. 20:00
857
"Тұрғын үй бағасына қатысты жағдай құбылмалы", - министр

Тұрғын үйдің бағасы құбылмалы.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі  Қайырбек Өскенбаев осылай дейді. Оның айтуынша, баспана бағасының нақты бағамын жақын арада дөп басып айту мүмкін емес. Себебі, ол  құрылыс материалдарының құнына тікелей байланысты. Ал құрылыс заттары  біресе қымбаттаса, кейде арзандап құбылып тұр. Дегенмен,  мемлекет  тұрғын үй құрылысын бәсеңдетпейді.  Сондай-ақ, баспананы су, жылу және электроэнергиямен қамтамасыз ету жұмыстары қатар жүргізілмек.  

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Өкінішке қарай, қазіргі тұрғын үй бағасына қатысты жағдай құбылмалы. Негізгі құрылыс материалы болып саналатын сол арматураның өзі 10 күн бұрын 480 мың теңге болған. Содан кейін 450 мың. 3 күн бұрын 418 мың, бүгін таңертең 415 мың. Яғни, бағаның төмендеу динамикасы байқалады.Біз алғашқы тоқсан бойы бақылауымыз керек, тек сол кезде ғана баға ахуалы түсінікті болады.

Л. Қуанышқызы