Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкент тұрғыны қызғаныштан адам өлтірді

AstanaTV
29.03.2022ж. 20:00
942
Шымкент тұрғыны қызғаныштан адам өлтірді

Шымкент қаласының қақ ортасында ер адамды пышақтап кетті. Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, бұған  қызғаныш себеп болған. Қазығұрт шағын ауданындағы дүкендердің бірінің бейнебақылау камерасындағы жазбада екі ер адамның ерегісіп тұрған сәті түсіп қалған.  Бірі ұстап келген пакетіндегі пышақты ала сала қарсы тұрған еркекке сілтеген. Оларды бір әйел ажыратпақшы болады. Бірақ оның кім екені туралы ресми ақпарат жоқ. Ал бірнеше рет пышақталған жігіті сол жерде жан тапсырды. Полицияны оқиға куәгерлері шақырған.

Мөлдір БЕКЕЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 99-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы