$521.9 €593.5 ₽6.39
×

«AMANAT» партиясының мүшелерін апатты жағдайдағы интернаттар мәселесі алаңдатып отыр

AstanaTV
01.04.2022ж. 20:00
1543
«AMANAT» партиясының мүшелерін апатты жағдайдағы интернаттар мәселесі алаңдатып отыр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектеп-интернаты апатты жағдайда тұр. 70 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал Балқаш маңындағы жазғы сауықтыру лагерінде ауыз су жоқ. Соның кесірінен ол 10 жыл бойы бос тұр. Партиялық бақылау комитетінің отырысында мектеп-интернаттарда тұру шарттары да талқыланды. «АМАНАТ» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы Динара Зәкиева атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Динара ЗӘКИЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Партиялық бақылау комитетінің арқасында 247 мектеп-интернатты жөндеу жоспарына қол қойылды. Бұл - үлкен нәтиже. Ендігі мәселе сапаны қадағалау. Күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарына бақылау қажет. Білім министрлігі уәкілетті орган болғанымен, ешқандай рөл атқарған жоқ. Тіпті мәселені шешудің нақты жолдары туралы ақпарат бермеді.


Сондай-ақ партиялықтар сырттағы әжетхана мәселесін тағы да көтерді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ел ішінде мұндай мектептердің саны 167. Бірақ партиялық бақылау комитетінің мүшелері оның саны көп болуы мүмкін деп отыр.

Т. Әлжанов