Қостанайдың Арқалық қаласында еріген қар суы үйлерге кіріп, жұртты әбігерге салуда. Тұрғындар баспаналарында суды кешіп жүр. Төтенше жағдай қызметі су сорғызу шаралары жүргізіліп жатқанын айтады. 5 мобильді топ күндіз-түні жұмыс істеуде. Сондай-ақ, қарғын су Қабырға ауылына баратын жолды шайып кетіп, қатынас үзілді. Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтағы елдімекенде 300-ге жуық тұрғын бар. Ауыл әкімінің айтуынша, тіпті ауыр техниканың өзі өте алмайды.
Ә. Бердібеков