$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Президент «AMANAT» партиясын жаңғырту жұмыстарын жаңдандыруды тапсырды

AstanaTV
20.04.2022ж. 20:00
1182
Президент «AMANAT» партиясын жаңғырту жұмыстарын жаңдандыруды тапсырды

Бүгін мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Кездесу барысында Асхат Оралов Президентке партияны жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша мәлімет берді. Кезектен тыс XXII сьезде берілген тапсырмалардың орындалуы барысы туралы да сөз болды. Бірқатар өңірдегі жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, қоғамдық қабылдаулардың жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, партияның атқарушы хатшысы негізгі бағдарламалық құжаттарды, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламаның орындалуы тексеруді, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандырудың негізгі тетіктеріне тоқталды. «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңының іске қосылғанын да атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Көптеген шараларымыз ең алдымен аймақтарда өтеді деген жоспарымыз бар. Әсіресе, аймақтарға көңіл бөліп, біздің аймақтық облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы, филиалдардың белсенділігін арттырамыз деген жоспарымыз бар. Қоғамдық кеңестер бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Ең алдымен олардың саны 1700-ден 1000-ға қысқартылды.

Л. Қуанышқызы