Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздікті екі адам өзара сөз байласу арқылы ұйымдастырған. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, олар әлеуметтік желі арқылы 400 адамды жинап, облыс әкімдігін басып алу туралы нұсқау берген. Содан кейін ұйымдасқан топ орталық алаңға қарай жүріп, жол бойында қолдарына тас алып, металл кесінділермен қаруланған. Агрессив топ қолда бар құралдардың көмегімен полиция қоршауын бұзып, облыс әкімдігінің ғимаратын өртеген. Оларға тағы 500 адам қосылып, полиция ғимаратын басып алуға барған, ғимаратты қиратқан. Алматы қаласында және өзге өңірлерде де осындай сұмдық жағдайлар болған. Қазір кейбір тергеу істері аяқталып, сотқа жолдануда.
Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
5-қаңтарда Н есімді азамат адамдар тобымен Алматы қаласы әуежайының ұшу қону жолағының жарығын өшірді. Н өзінің әрекеттері мен стратегиялық обьекттің қызметін тоқтатты. Нәтижесінде ұшақтар жолаушылармен ұшып кете алмады. Және тоқтан ажыратылған ұшу қону жолағында 10 сағат артық тұруға мәжбүр болды. Осы уақытта қарулы топ Алматы әуежайының ғимаратында қиратулар мен тонауларды жасады.
Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, 243 адам сотталған. Қазір 585 күдікті қамауда отыр. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Әділовтің айтуынша, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың арасында бұрын қылмыс жасамаған жас көп.
Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Бүгінгі таңда ішкі істер органы тергеушілері айыптау актісімен 410 айыпталушыға қатысты 261 қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Мұндай істердің ең көп саны Алматы қаласы бойынша 185, Алматы облысы бойынша 49,Жамбыл облысы және көліктегі полиция депатаменті бойынша 10, Қызылорда және Түркістан облысы бойынша 4.
Л. Қуанышқызы